Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігімен соқтығысты

209

Екі дәрігер зардап шекті.

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігімен соқтығысты Фото: inbusiness.kz

Жетісу облысында тасжолда жедел жәрдем көлігі жүк көлігімен соқтығысып, дәрігерлер жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Алматы – Өскемен тасжолының 337-шақырымында болған.

"Ақсу ауданында "Мазда-626" жолаушылар көлігі, "КамАЗ" жүк көлігі және "JAC" минивэні (жедел жәрдем) соқтығысқан. Жол апатынан екі дәрігер зардап шегіп, түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің бірі кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді", - делінген хабарламада. 

Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу