Жол-көлік оқиғасы 24 қыркүйек күні Сарқан ауданындағы Алмалы ауылының маңында болған.
"Тойота Хайлюкс көлігін 38 жастағы тұрғын тізгіндеген. Ол Алматы-Өскемен тасжолының 427-ші шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылған. Оқиға орнында үш адам мерт болды", – делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, көлік жүргізушісі мен 48 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345 бабының 4-ші тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу