Жетісу облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

95

Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты Фото: Бейнежазбадан

Оқиға 24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Ақсу ауданында "Көшкентал-Қапал" автожолының 4-шақырымында болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, барлық нұсқалар қарастырылуда", – дейді полиция.

Тергеп-тексеру барысын Жетісу облыстық департамент басшылығы өз бақылауына алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу