Жетісу облысында Үшарал-Достық автожолының 61 шақырымында болған жол апатынан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"2 наурызда Үшарал-Достық автожолының 61 шақырымында Mazda CX-7 автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Volkswagen авкөлігін басып озуға әрекеттенген кезде көлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жол жиегіне шығып, аударылды. Жол апатынан 55 жастағы әйел қайтыс болды",-делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу