Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

509

 Оқиға орнынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауруханада көз жұмды. 

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды Фото: polisia.kz

Оқиға Ақсу ауданындағы Көлтабан-Матай тас жолында Mitsubishi Montero Sport көлігінің қатысуымен болды. Ауылдық жолдың 50 шақырымында 63 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай аударылып кетті.

ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуының себебі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу