Toyota Camry автокөлігі жол жиегінде орналасқан ағашқа соқтығысты. Автокөлік салонында бес адам болған. Олардың үшеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
27 және 22 жастағы зардап шеккендер әзірге дәрігерлердің бақылауында. Көлікті 47 жастағы ер адам басқарған.
Аталған дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу