Жетісу облысындағы автожолда болған жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды.
Облыстық полиция өңірдің автожолдарында жаяу жүргіншілердің жарақаттануы мен қаза болуына қатысты алаңдатарлық статистиканы жариялады. Биыл облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол-көлік оқиғасында 20 адам қаза тауып, 81 адам түрлі жарақат алды. Соңғы факт 8 қыркүйекте Ескелді ауданында тіркелді.
Онда Ваз-21713 автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Талдықорған – Текелі автожолының 14-шақырымында 52 жастағы әйелді қағып кеткен. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты. Полиция қызметкерлері барлық азаматты жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.