Жетісу облысында жолға шауып шыққан жылқы адам өліміне себеп болды

318

Audi А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.  

Жетісу облысында жолға шауып шыққан жылқы адам өліміне себеп болды Фото: polisia.kz

Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласының шыға берісінде Audi A8 автокөлігінің қатысуымен болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған көлік кенеттен жолға шауып шыққан жылқымен соқтығысқан.

Audi А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көлікте жолаушы ретінде болған 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу