Жетісу облысында жүк көлігі аударылып, жүргізуші қаза тапты

515

Марқұмның 23 жастағы Өскемен тұрғыны екені анықталды.

Жетісу облысында жүк көлігі аударылып, жүргізуші қаза тапты Фото: polisia.kz

Жетісу облысы Алматы–Өскемен тас жолында жүк көлігі аударылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

Жол апаты республикалық трассаның 400-шақырымында MAN F2000 автокөлігінің қатысуымен болды.

"Жүк көлігін 23 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны басқарған, алдын ала болжам бойынша, ол ауыр жүк көлігін басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Жүк көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қазір бұл факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - делінген хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу