Жол көлік оқиғасы Панфилов ауданында Mitsubishi Galant автокөлігінің қатысуымен тіркелді. Жапондық шетел көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Пенжім-Ынтымақ автожолында рөлді басқара алмай, жол бойындағы бетон қоршауларына соқтығысқан.
Ауруханаға жеткізілген кезде көліктегі 37 жастағы жолаушы қайтыс болды. Автокөлік жүргізушісі жеңіл жарақат алып, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.
Анықталғандай, жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарған, бұл медициналық куәландырумен расталады.
Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 345-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр. ЖКО-на кінәлі адамды қамауға алу мәселесі қарастырылып жатыр
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу