Жетісуда 5 адамның өліміне себеп болған жүргізушіге сот үкімі шықты

248

Қайғылы оқиға жеңіл көліктегі бес адамның өмірін қиды.

Жетісуда 5 адамның өліміне себеп болған жүргізушіге сот үкімі шықты Фото: canva

Жетісуда бес адамның өліміне кінәлі деп табылған жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс материалдарына сәйкес, "Volvo FH-Truck" автокөлігінің жүргізушісі "Алматы-Өскемен" тас жолымен келе жатып, ауа райының қолайсыздығы мен көктайғаққа қарамастан көлікті қауіпсіз тоқтату үшін қажетті шаралар қабылдамаған. Салдарынан жүк көлігі жолды жауып, үш жеңіл көлік соқтығысқан. 

– Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер қайғылы ЖКО-ға кінәлі ауыр жүк көлігінің жүргізушісін кінәлі деп тапты. Ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – делінген ақпаратта.

Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады, өйткені бұл жол қозғалысына қатысушылардың да, олардың жақындарының да өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігінің кепілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу