Жетісуда 714 мың тонна астық сақтайтын 486 қойма жұмыс істейді

357

Күзгі дала жұмыстарына 1002 комбайн жұмылдырылды.        

Жетісуда 714 мың тонна астық сақтайтын 486 қойма жұмыс істейді Фото: gov.kz

Жетісу облысында масақты дәнді дақылдарды жинау науқаны қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінге дейін 39,3 мың гектар алқаптан өнім жиналып, 73,8 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 18,8 центнерді құрады.

Облыста жалпы сыйымдылығы 714 мың тонна болатын 486 астық қоймасы жұмыс істейді. Олар егінді қабылдау, сақтау, тазалау, сұрыптау және кептіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Егін орағы Көксу ауданында да қарқынды жалғасуда. Алғабас ауылындағы "Ұлан" шаруа қожалығы биыл 390 гектарға арпа, 150 гектарға бидай еккен. Шаруашылық мал өсірумен де айналысады және үш астық қоймасында өнімді сақтайды. Былтыр мұнда өндірілген астықтың бір бөлігі Тәжікстан мен Өзбекстанға экспортталған.

Шаруашылық басшысы мемлекеттік қолдаудың арқасында техника паркі жаңартылып, лизинг арқылы жаңа комбайндар мен тракторлар алынғанын айтты.

Облыста күзгі дала жұмыстарына 1636 ауыл шаруашылығы техникасы, оның ішінде 1002 астық жинайтын комбайн жұмылдырылған. Мамандардың мәліметінше, барлық техника егін орағына толық дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу