Жетісуда алтыннан жасалған әшекейлер табылды

147

Құнды дүниелер Дауылбайдағы патшалық қорымнан шыққан. 

Жетісуда алтыннан жасалған әшекейлер табылды Фото: "Айғақ" ақпараттық порталы

Аталған аймақты зерттеу облыстық әкімдіктің қаржыландыруымен былтыр басталды. Ғалымдар 11 обаның біреуін қазып, оның тоналғанын анықтаған. Соған қарамастан алтын жалатылған асатаяқ табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ал биыл нөмірі бесінші обадан көне жәдігерлер қазып алынды. Анасы мен баласы жерленген бейіттің құрылымы ерекше.

Адам қаңқасы 3,5 метр тереңдікке көміліп, үстіне тас қаланып, қарағаймен жабылған, деп жазады 24.kz арнасы.

"Күрделі конструкцияның тоналмау себебі де осы болса керек", – дейді ғалымдар.

Енді алынған артефактілер жіті зерттелмек.

"Шыққан дүниелер өте құнды. Оның ішінде сырғалар алтын, қоңыраушалар сопақша келген, және шашқа қадайтын қола түйрегіші бар, сонымен қатар бірнеше моншағы бар. Біз енді алдын ала болжам бойынша б.з.д. IV-V ғасырлар деп межелеп отырмыз. Оның анық уақытын зерттеу жұмыстары көрсетеді.", – дейді Хамит Айтқұл, археологиялық экспедиция жетекшісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу