Жетісуда мектептердегі санитариялық талаптардың 95%-ы қалпына келтірілді

322

Мектептері жаңа оқу жылын бастауға дайын.  

Жетісуда мектептердегі санитариялық талаптардың 95%-ы қалпына келтірілді Фото: gov.kz

Облыста 2026-2027 оқу жылына дайындық барысын бағалау мақсатында санитариялық мониторинг аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандар 312 мектепті, 286 мектеп асханасын және 9 мектеп-интернатты қамтыды.

Мониторинг нәтижесінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың жекелеген бұзушылықтары анықталды. Осыған байланысты жауапты басшыларға кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою туралы тиісті нұсқамалар берілді.

Қазіргі таңда анықталған бұзушылықтардың 95%-ы жойылды. Қалған нұсқамалардың орындалуы жауапты мамандардың бақылауында.

Жалпы облыстағы білім беру ұйымдары жаңа оқу жылын бастауға дайын. Мектептерде санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оқушыларға қолайлы жағдай жасауға және оқу процесінің үздіксіз өтуіне қажетті жұмыстар жүргізілді.

Қалған кемшіліктерді толық жою жұмыстары жалғасып, тиісті шаралардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу