Жасөспірімдер қатты соққыдан жол жиегіндегі қоршаудан әрі ұшып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқыс оқиға Талдықорған қаласында тіркелген. Онда жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, қатты жылдамдықпен мопед тізгіндеген екі жасөспірімді қағып өткен.
Қазір жасөспірімдердің жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.
– Полиция 2026 жылдың 2 сәуірінде сағат 00:10-да Талдықорған қаласындағы Жансүгіров және Балпық би көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Алғашқы мәліметтер бойынша, Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі рұқсат етілмеген сигналда өтуге әрекет жасап, мопедпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан мопедте болған екі адам – жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады полиция.
Жауаптылар осы кезде оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.