Жетісу облысында екі адам жол апатынан қаза тапты

194

Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Жетісу облысында екі адам жол апатынан қаза тапты Фото: видео скриншот

"Алматы-Өскемен" тас жолында жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, аударылып қалған. Жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Toyota Estima" автокөлігінің жүргізушісі "Алматы-Өскемен" тас жолымен жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген. Оқиға салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады аймақтық полиция өкілі Instagram парақшасында.

Жетісу полициясы көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Жақында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болған жол апатынан үш адам қайтыс болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу