Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

572

Көлікті 73 жастағы зейнеткер басқарған

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды Фото: Polisia.kz

Оқиға 30 маусым күні Сарқан ауданында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz Pоlisia.kz-ке сілтеме жасап.

Volkswagen Polo көлігін басқарған 73 жастағы ер адам Алматы-Өскемен тас жолының 462 шақырымында көліктің аударылып кетуіне жол берген. 

Шетелдік көлікте болған 33 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен екінші жолаушы қарт жүргізушімен бірге Сарқан аудандық ауруханасына жатқызылды. 

ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу