"Алматы-Өскемен" тасжолының 410-шақырымында "Toyota Camry" көлігінің 22 жастағы жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы Жетісу облыстық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жол ұйымының қызметкері жол-көлік оқиғасы кезінде жол белгілерін салып жатқан. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Көлік апаты бойынша қажетті сараптама тағайындалған, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
"Құрметті жүргізушілер, көлік жүргізу кезінде өте сақ және мұқият болуларыңызды сұраймыз. Облыс полицейлері баршаңызды жол ережесін сақтауға және жылдамдық режимін шектен тыс асырмауға шақырады", деп ескертеді полиция.