Жезқазғанда екі ай ішінде 200 төсектік модульді госпиталь салынды. Аурухана инфекциялық бақылаудың барлық стандартына сәйкес келеді, деп жазады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Медициналық мекемеде қауіпсіздік деңгейі жоғары ақылды желдету жүйесі орнатылған. Палаталарда әр төсекте пост медбикесін шақыру түймесі бар. Оқшауланған бокстарға арнайы чиптер арқылы ғана кіруге болады. Сондай-ақ 20 реанимациялық төсек қарастырылған.
Госпитальда Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Тараз қалаларының білікті дәрігерлері дайындық жұмыстарын бастады.