"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Үкіметінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі қаулысы қабылданды, жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5575 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын", – делінген құжатта.
Әскери бөлім Ұлытау облысының Жезқазған қаласында орналасатын болады. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте ҚР ІІМ-ні ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу