Жезөкшелер үйін ұйымдастырған ерлі-зайыптылар ұсталды

Интимдік қызмет көрсеткен қыздардың дені еліміздің оңтүстік облыстары мен Өзбекстан Республикасынан келген. 

Жезөкшелер үйін ұйымдастырған ерлі-зайыптылар ұсталды Фото: Экспресс К

Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов арнайы брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазан айында ІІМ қызметкерлері жезөкшелер үйін ашқан 7 адамнан тұратын ұйымдасқан топты ұстады. Ерлі-зайыптылар жүйелі түрде кіріс табу мақсатында қонақүй кешенін жалға алып, сол жерде жезөкшелер үйін ұйымдастырған. Олар әкімші, такси жүргізуші қызметіне жақын туыстарын жұмысқа тартқан. Интимдік қызмет көрсету үшін өздерінің таныстарын, оның ішінде бұрын жезөкшелікпен айналысқандарды шақырған. Олармен табыстарын 50-50%-ға бөлу туралы келісім бойынша жұмыс істеген", – деді спикер.

Негізінен қыздар еліміздің оңтүстік облыстары мен Өзбекстан Республикасынан келген, орта есеппен 10 қыз қызмет көрсеткен. Олардың табыстары 5-40 мың теңге аралығында болды.

"Қылмыстық топ түнгі сағат 21.00-ден таңғы 5-ке дейін жұмыс істеген. Олар күнделікті 50 адамға дейін қызмет көрсеткен. Кірістерін арттыру үшін ұйымдасқан қылмыстық топ екінші қонақ үй кешенін жалға алған. Аталған дерек негізінде "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің төртеуі қамауда, үшеуіне қатысты қаладан кетпеу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды", – деді Қанат Нұрмағамбетов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу