Жезөкшелікке тартуға қатысты 7 қылмыстың беті ашылды

707

7 қылмыстың бәрі де өткен аптада тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жезөкшелікке тартуға қатысты 7 қылмыстың беті ашылды

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, тіркелген 7 қылмыстың ішінде кәмелетке толмаған бойжеткенді де тартқандар ұсталыпты. Одан бөлек жезөкшелікке қатысты 43 притон анықталған.

"Солтүстік Қазақстан облысының құқық қорғаушылары 8 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Олар Петропавлдағы сауналардың бірін жалға алып, "жеңгетайлықпен" ол орынға бойжеткендері әкеліп отырған. Ал Оралда 17 жастағы бойжеткенді осындай іске тартқан 30 жастағы әйел ұсталды", –  деді ол баспасөз мәслихатында.

Тіркелген қылмыстық істер бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу