Жезөкшелікпен айналысуға арналған 53 "притон" анықталды

1052

"STOP трафик" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция органдары адам саудасына қатысты 68 қылмысты анықтады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жезөкшелікпен айналысуға арналған 53 "притон" анықталды

"Азаматтарды еркінен тыс жұмысқа жегу мақсатында бас бостандығынан заңсыз айырудың – 3, адам саудасының – 2, кәмелетке толмағандарды сатудың – 2, жезөкшелікпен айналысуға тартудың – 8, оның ішінде кәмелетке толмаған адамды сексуалды қызмет көрсетуге азғырудың 1 фактісі әшкереленді", – деді Қанат Нұрмағамбетов.

Оның сөзінше, жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа арналған "притон" ұйымдастыру мен ұстаудың 53 фактісі анықталды.

"Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін үй-жай берген 21 адамға әкімшілік хаттама толтырылды", – деді Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.

Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 30 жастағы әйелді 1 жыл бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Ол жәбірленушіні қорқытып, оған жеңгетайлық жасап, клиенттермен кездестіріп отырған. 

"Осы факті бойынша қылмыстық кодекстің 308-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу