Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: Алматы мен Шымкентте адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ анықталды

326

Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Самат Құсетов мәлімдеді.    

Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: Алматы мен Шымкентте адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ анықталды Фото: ortcom.kz

Спикер Астанадағы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Заңды іске асыру бойынша жұмыстың нәтижелерін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ішкі істер министрлігі "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" заңды іске асыру аясында мақсатты республикалық жедел-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде мәжбүрлі еңбек, жыныстық қанау және ағзаларды сылып алу сияқты адам саудасының әртүрлі нысандары бойынша 80 қылмыс тіркелді.

Құқық қорғау органдары адам саудасымен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) заңсыз әрекетін тоқтатты. Оның бірі Алматы мен Шымкент қалаларында әрекет еткен.

"Қылмыстық топ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды іздеп, жалдаумен айналысқан. Олардың атына несиелі тарих қалыптастырып, кейіннен қымбат автокөліктерді ресімдеу және оларды сату мақсатында пайдаланған. Бүгінгі таңда ұйымдастырушылар ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – деді Самат Құсетов.

ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнамалық базаны жетілдіру, адам саудасының алдын алу және осындай фактілерді ерте анықтау бойынша кешенді шараларды одан әрі жалғастыруда.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары жезөкшелікпен айналысуға арналған үй-жайларды ұсыну, жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету фактілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Осындай құқық бұзушылықтар бойынша 700-ден астам әкімшілік іс тіркелді. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 213 млн теңгеден асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу