Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

93

Ерлан Қосмұратов басқа қызметке тағайындалды.

Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды Фото: uralskweek.kz

Сенат отырысында Жоғарғы Соттың судьясы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ерлан Қосмұратов Мемлекет басшысының 2 наурыздағы Жарлығына сәйкес, Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. 

"Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық органдары комитеті өзінің кеңейтілген отырысында ҚР Президентінің жоғарғы соттың судьясын қызметіне ұсынылған кандидатураны талқылап, қарау нәтижесі бойынша қорытынды шығарды. ҚР Президентінің ұсынуы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына, ҚР Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы Конституциялық заңның 34-бабы 1-бабының 8-тармақшасына, 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес комитет Парламент Сенатына Ерлан Қосмұратовты басқа лауазымға тағайындалуына байланысты ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатуды ұсынады", – деді сенатор Нұрлан Бекназаров.

Сенат депутаттары бұл ұсынысты қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу