Сенат Жоғары аудиторлық палата мүшесінің өкілеттігін тоқтатып, қызметінен босатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Парламент Сенатына Жоғары аудиторлық палата мүшесі Рашит Сайранұлы Ахметтің Сенат тағайындаған қызметінен босату туралы өтініші енгізілді. Рашид Сайранұлы 2017 жылдың маусымынан 2022 жылдың маусымына дейін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды. 2022 жылдың қарашасынан бастап Жоғарғы аудиторлық палата мүшесі. Қаржы және бюджет комитеті Сенат регламентінің тармағына сәйкес комитет отырысында талқылай отырып, Сенатқа Жоғары аудиторлық палатасының Сенат тағайындаған мүшесі Рашит Ахметтің өкілеттігін тоқтатып, қызметінен босатуды ұсынады", – деді сенатор Сұлтанбек Мәкежанов.
Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Айта кету керек, осыған дейін Сенат Жоғарғы Соттың екі судьясын қызметінен босатқанын жазғанбыз.