Қарасай ауданының Райымбек ауылындағы Сүйінбай көшесінде екі көлік соқтығысып, оның салдарынан көліктердің бірінде әйел қыстырылып қалған.
"Оқиға орнына 6 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы бірден жол тартты. Қайғылы оқиға орнына құтқарушылар дер кезінде жетті. Жолаушы алдыңғы орындық пен панелдің арасында қысылып калған. Зардап шегушінің жағдайы мүшкіл еді, аяғы ашық сынған. Құтқарушылар қанды тоқтату үшін шара қолданып, гидравликалық құралдың көмегімен әйелді көлік құрсауынан босатып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - делінген ТЖМ хабарламасында.