Жол апаты: Көлікті кәмелетке толмаған бала жүргізген

1742

Алматы облысында жол апатынан үш жасөспірім көз жұмды, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты: Көлікті кәмелетке толмаған бала жүргізген

Жол апаты жексенбіде кешкісін Панфилов ауданындағы Әулие ағаш ауылының маңында болған.

"Олар Көктал – Әулиеағаш бағытында жүрген. Көлікті Көктал ауылының 15 жастағы тұрғыны жүргізген. Оқиға орнында 14-15 жас аралығындағы жүргізуші мен кәмелетке толмаған екі жолаушы қаза тапты. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақат алып, орталық аудандық ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Қазір тергеу жүргізіліп, кәмелетке толмаған балаға көлік тізгіндеуге рұқсат берген автокөлік иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу