Жол апатына түскен оралдық әкімдіктен 603 мың теңге өндіріп алды

253

Cот талап арызды ішінара қанағаттандырды.

Жол апатына түскен оралдық әкімдіктен 603 мың теңге өндіріп алды Фото: canva.com

Жол апатына түскен Орал тұрғыны әкімдіктен көлігінің шығындарын өндіріп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, Әбілқайыр хан мен Сырым Датов көшесі қиылысындағы жолдың сапасы нашар болғандықтан ер адам жол апатына түсіп, қалтасынан біраз шығын шығарған. 

Сөйтіп тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жол сапасына қатысты міндетін дұрыс орындамаған деп есептеп, сот арқылы 788 мың теңге ақша өндіруді талап еткен. 

"Сот іс материалдарын зерделей келе, материалдық залалдың келтірілу фактісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарымен расталғанын анықтады. Бірақ сарапшының қорытындысы бойынша, көлікті жөндеу жұмыстарының құны 603 мың теңге болған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Осыған байланысты сот талап арызды ішінара қанағаттандырды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ер адамның пайдасына 603 мың теңге материалдық шығынды және 6 037 теңге мемлекеттік баж салығын төлеуге міндеттелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу