Жол апатына түскен Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласының жағдайы белгілі болды

203

Дәрігерлердің бағалауынша, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр.

Жол апатына түскен Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласының жағдайы белгілі болды Фото: instagram/jagdaikz

Жол апатына қатысушылар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасында Мойынқұм ауданындағы апаттан кейін ауруханаға түскен науқастардың жағдайы туралы баяндап берді.

"Зардап шеккендер Шу қалалық ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді, оларға бас сүйек-мидың жабық жарақаты және мидың шайқалуы алдын ала диагнозы қойылды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің бағалауынша, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр. Олар клиникалық хаттамаларға сәйкес ем қабылдап жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу