Олар Джакарта маңындағы Депок қаласындағы орта мектепке мектеп бітіру кешінен кейін қайтып келе жатқан. Полиция болжамы бойынша, көліктің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін.
Батыс Ява полициясының өкілі Джулс Абрахам Абасттың айтуынша, автобус еңіске келгенде басқарудан шығып кетіп, жолақты кесіп өтіп, бірнеше көлік пен мотоциклді соғып, кейін электр бағанасына соғылып тоқтаған.
Тоғыз адам оқиға орнында, тағы екеуі ауруханада қаза тапқаны айтылды. Тағы 53 адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың кейбіреуінің жағдайы ауыр екені айтылды.
"Біз апаттың себебін әлі анықтап жатырмыз, бірақ алдын ала тергеу автобустың тежегішінде ақау болғанын көрсетті", - деді Абаст.
Жергілікті телеарналар қираған автобустың аударылып жатқанын көрсететін кадрларды жариялады.