28 қараша күні "Атырау-Астрахань" тас жолында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Toyota Ipsum маркалы екі көлік соқтығысып, 12 адам ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"12 адам Аққыстау аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің шешімімен 10 адам үйіне қайтарылды",– делінген хабарламада.
Апат жөндеу жұмыстары жүріп жатқан 743 шақырымда орын алған. Компания бұл арада барлық қажетті жол белгілері орнатылған дейді. Баспасөз қызметі жол апатының себебін атамады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу