Жол апатынан 22 жастағы полиция қызметкері көз жұмды

1021

Оның артында анасы мен аяғы ауыр келіншегі қалды.  

Жол апатынан 22 жастағы полиция қызметкері көз жұмды

Алматы облысы аумағында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жол апаты бүгін таңғы сағат тоғыз шамасында Алматы облысының Қарасай ауданында болды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Көлді-Жалпақсай тас жолында "Mazda-626" автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 22 жастағы Алматы қаласы патрульдік полициясының инспекторы Нәдір Қалымов тізгіндеген "Lada Granta" автокөлігімен соқтығысқан. Соққы инерциясымен "Lada" жол шетіне қарай ұшып кетіп, ағашқа соғылған.

"Полиция кіші сержанты Н. Қалымов түнгі ауысымнан үйіне қайтып келе жатқан, бірақ ол үйіне сол күйі жете алмады: полицей алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Әртүрлі дене жарақаттарын алған "Mazda-626" көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полициядан.

Аталған факті бойынша Алматы облысы ПД Қарасай ауданының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізеді.

Полиция кіші сержанты Нәдір Қалымов ішкі істер органдарында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті. Оның артында анасы мен аяғы ауыр келіншегі қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу