22 қарашада шамамен сағат 16:00 де Түркістан облысы Сайрам ауданында жол-көлік оқиғасы тіркелді. "ВАЗ 2106" автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, "Ауди" автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды otyrar.kz.
Нәтижесінде, "Жигули" автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі бірдей жолаушысы оқиға орнында мерт болды. "Ауди" маркалы автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттарымен емханаға жеткізілді.
Түркістан облысы ПД-нің анықтаушылары ҚР ҚК-нің 345 "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу