banner

Жол апатынан 3 еркін күрес балуаны көз жұмды

1195

Зауытбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев жансақтау бөлімінде жатыр.

Жол апатынан 3 еркін күрес балуаны көз жұмды

Қайғылы оқиға Алматы – Тараз тасжолында орын алған. Бұл суыт хабар ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

"Қаралы хабар қабырғамызды кайыстырды... Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған. Балуандарымыздың мезгілсiз дүниеден өтуiне байланысты еліміздiң барша күрес жанкүйерлерiне, марқұм болған балалардың отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына қайғырып көңіл айтамыз. Жандарыңыз жаннатта болсын!!!", – деп жазылған ресми парақшада.

Еске сала кетсек, 3 тамыз күні бір топ еркін күрес балуандары жол апатына ұшырап, Жақсыбек Карабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға орнында көз жұмған. 

"Ал ауыр халде ауруханаға түскен Ілияс Жұмай бүгін қайтыс болды деген тағы бiр суық хабар жетті. Зауытбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев жансақтау бөлімінде жатыр", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу