Автобус апатынан соң екі аяғынан айрылған 8 жасар ауруханадан шығарылды

445

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Автобус апатынан соң екі аяғынан айрылған 8 жасар ауруханадан шығарылды Фото: astanatv.kz

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған қыз бала емдеу мекемесінен шығарылды. 

– Қазіргі таңда бала стационардан шығарылды. Қажетті медициналық көмектің бәрі толық көлемде көрсетілді. Алайда, өкінішке қарай, өмірін сақтап қалу үшін екі аяғын ампутациялауға тура келді, – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, қыз бала әрі қарайғы оңалту емін Ақмола облысының Егіндікөл ауданында өтеді. Себебі ол сол өңірде тіркелген.

– Қазір емхана оның жағдайына қарай арнайы оңалту бағдарламасын әзірлеп жатыр, – деп толықтырды Тимур Мұратов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу