Жол апатынан екі адам көз жұмды

431

23 шілде күні "Қостанай-Сарыкөл" автожолының 10-шақырымында жол апаты орын алды.

Жол апатынан екі адам көз жұмды

Қостанай бағытында бара жатқан "Фольксваген Гольф" маркалы автомобилінің 65 жастағы жүргізушісі көлігімен қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен, деп хабарлайды "Костанайские новости".

Осылайша, "Мазда" көлігімен соқтығысып, оның 53 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Өзге 4 жолаушы түрлі жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. 41 жастағы жолаушы қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу