Ақмола облысы Шучинск қаласында патрульдік автомобиль мен жол талғамайтын көлік соқтығысып, екі полиция қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Агенттік ақпаратына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Абылайхан мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында таңғы сағат 6:00 шамасында орын алған. Lexus пен "Нива" патрульдік көлігі соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан полиция капитаны К.Отарбаев (органда 2005 жылдан бері) және полиция аға лейтенанты К. Хамидулин (органда 2009 жылдан бері) оқиға орнында қайтыс болды. Шұғыл тергеу тобы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр",– деп жазған ақпарат көзі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу