Жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің отбасына премьер-министр көңіл айтты

528

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысында болған қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің отбасына премьер-министр көңіл айтты

Айта кетейік, Сарышаған ауылының маңында жол апатынан екі дәрігер қаза тауып, сегіз медицина қызметкері зардап шекті.

Олар Қазақмыс компаниясының қызметкерлерін  медициналық тексеруден кейін қайтып келе жатқан.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ал зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз", – деді Әлихан Смайылов.

Ол премьер-министр кеңсесіне жолдағы қауіпсіздік мәселесін үкіметтің таяудағы отырыстарының бірінің күн тәртібіне енгізуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу