Жол апатынан қаза тапқан түркістандық донор 4 адамның өмірін ұзартты

504

Қазақстанда ағзаларды транспланттау бойынша жоғары технологиялық ота жасауға қажетті барлық заманауи инфрақұрылым бар.

Жол апатынан қаза тапқан түркістандық донор 4 адамның өмірін ұзартты Фото: ҚР ДСМ

Демалыс күндері Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде 4 науқастың өмірін ұзартқан донор Максим Войнюшаны еске алуға арналған хоккей матчы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.     

Өткен жылы 15 шілдеде Максим Войнюша ауыр апатқа ұшырап, Түркістан облыстық Клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізілген. 18 жастағы жас жігіт мопед тізгінінде болған және көлікпен соқтығысқан. Бірнеше күннен кейін, 23 шілдеде Максимнің өлімі расталды. 

Ми өлімі туралы хабардан кейін Максимнің туыстарымен әңгіме өткізілген және олар марқұмның ағзаларын донорлыққа беруді ұйғарған.

− Бұл оқиға – Максим мен оның отбасына алғыс білдіру мен мойындау ғана емес, Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі ағзалар донорлығын насихаттаудағы маңызды қадам. Бүгінде донорлық ағзаларды транспланттауды күту парағында 4 117 адам, оның ішінде 96 бала тұр, − деп жазды Денсаулық сақтау министрлігі.

Соңғы 5 жылда Қазақстанда ағзаларды трансплантаттау бойынша 1 005 ота жүргізілді, оның ішінде ағзалардың 92,1%-ы туыстық донорлардан, 7,9%-ы – қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан алынған. 

Қазіргі уақытта елімізде 7 транспланттау орталығы жұмыс істейді, 40 донорлық стационар, 4 иммунологиялық типтеу зертханасы ұйымдастырылған. Донорлық процесті үйлестіруді, анықтауды және ұйымдастыруды қамтамасыз ететін республикалық, өңірлік және стационарлық үйлестірушілер желісі құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу