Жол апатынан көз жұмған азаматтардың туыстары Маңғыстауға арнайы ұшақпен жіберілді

132

Бұл борт қаза тапқан азаматтарын денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады. 

Жол апатынан көз жұмған азаматтардың туыстары Маңғыстауға арнайы ұшақпен жіберілді Фото: ІІМ

ІІМ Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, бортта денелерін сәйкестендіру және басқа қажетті рәсімдерді өткізу үшін жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары ұшып барады.

Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады.

Қаза тапқандардың ішінде бес әйел Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласының тұрғыны.

"Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылды", – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Айта кету керек, бұған дейін Маңғыстауда Бекет атаға бара жатқан 10 адам жол апатынан қаза тапқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу