Жол апатынан Қырғызстан азаматы көз жұмды

623

Ақтөбе облысында қайғылы жол апаты болды. 

Жол апатынан Қырғызстан азаматы көз жұмды

14 қыркүйек күні Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы Самара – Шымкент автожолында жол-көлік оқиғасы орын алып, адам өліміне алып келді, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ВАЗ 2105 автокөлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы, рульді басқара алмай, кюветке шығып, аударылып кеткен.

ЖКО салдарынан ВАЗ 2105 автокөлігінің 31-жастағы жолаушысы, Қырғызстан Республикасының азаматы, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші түрлі жарақаттармен Ырғыз орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу