Жол апатынан мұғалім мен екі оқушысы қайтыс болған мектептің директоры жұмысынан шеттетілді

401

Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тергеу жүргізіп жатыр.  

Жол апатынан мұғалім мен екі оқушысы қайтыс болған мектептің директоры жұмысынан шеттетілді Фото: Облыстық полиция департаменті

Бұл оқиға екі ай бұрын Ақтөбе облысында болған еді. Жаныс би ауылынан аудан орталығына бағыт алған "Toyota Alpard" көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігіне соққан. Үш адам сол жерде көз жұмды. Оқушылар пәндік олимпиадаға қатысуға бара жатқан. Көлік тізгінінде болған тұрғын сол күні қамауға алынды. Бұл оқиғаға қатысты істің сотқа жеткенін күні кеше хабарлаған едік.

Ал, бүгін Облыстық білім басқармасының басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде салғырттыққа жол бергені үшін мектеп директоры мен Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы тұлғаға сөгіс берілгенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу