Жол апатынан зардап шеккен Өзбекстан азаматтары шекарадан аман-есен өтті

742

"Алматы-Ташкент" автожолында жол апатынан зардап шеккен Өзбекстан азаматтары Қазақстан шекарасынан аман-есен өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жол апатынан зардап шеккен Өзбекстан азаматтары шекарадан аман-есен өтті

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 14 мамырда түнгі сағат 02:00-де  Өзбекстан ТЖ министрінің орынбасары Азизбек Латифжонов бастаған жедел топ Жамбыл облысы Жуалы ауданынан 8 жедел жәрдем көлігі және бір "Ванхолл"маркалы жолаушылар автобусымен Өзбекстанға жіберілді.

"Көліктерде 13 зардап шеккен адам бар. Оның ішінде уақытша орналастыру пунктіндегі 7 адам, жол апатынан қаза тапқан 2 адамның мәйіті де бар", - деп жазылған хабарламада.

Өзбекстан ТЖ министрінің орынбасары Жамбыл облысындағы әріптестеріне алғыс айтты. Таңғы сағат 07:15-те колонна Қазақстан шекарасынан өтті.  

Сондай-ақ 1980 және 1965 жылдары туған Өзбекстанның екі азаматы Жуалы ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, 2022 жылғы 12 мамырда сағат 15:46-да Жамбыл облысы Жуалы ауданында "Алматы-Ташкент" автожолының 571 шақырымында жол апаты болған. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 16 адам түрлі дене жарақатымен Жуалы ауданындағы орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Автобуста барлығы
51 адам болған: оның 46-сы Өзбекстан азаматтары.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу