Жол апатынан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсеткендер марапатталды

769

Жыл басынан жедел жәрдем қызметі 155 мыңнан астам қоңырауды қабылдап, қызмет көрсеткен.

Жол апатынан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсеткендер марапатталды

Бүгін елорда әкім Бақыт Сұлтанов жол-көлік апатынан зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге қатысқан медицина қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кездесуді ашқан қала әкімі жергілікті дәрігерлер апат, өрт және басқа да жазатайым оқиғалар кезінде мыңдаған адамның өмірін құтқарғанын еске алды. Жыл басынан жедел жәрдем қызметі 155 мыңнан астам қоңырауды қабылдап, қызмет көрсеткен.

"Медицина қызметкерлері 26 наурызда болған апатта кәсіпқойлық пен жеделдіктің жоғары деңгейін көрсетті. Қайғылы оқиға орнына төрт минут ішінде жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаларға жеткізді. Жедел жәрдем қызметкерлері мен қалалық ауруханалардың шебер және кәсіби әрекеттерінің арқасында біз көптеген адамдардың өмірін сақтап қалдық", – деді Бақыт Сұлтанов.

Оқиға орнында барлығы 15 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. "Сол қайғылы күні біздің еліміздің әрбір азаматы біреудің қайғысына ортақтаса алатынын, оған бей-жай қарамайтынын көрсетті. Өз өміріне қауіп төнгендігіне қарамастан, олар адамдарды автобустардан алып шығуға көмектесті. Олардың бірі – №303 бағдардың жүргізушісі Бақдәулет Әлібек. Ол оқиға орнына жақын жерде болған", – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Кездесу соңында Бақыт Сұлтанов 14 денсаулық сақтау қызметкеріне, сондай-ақ, зардап шеккендерді құтқаруға көмектескен жүргізушіге алғыс хат табыс етті.

Еске сала кетейік, 26 наурызда Ұлы-Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобус пен бірнеше жеңіл автокөлік соқтығысып, үлкен жол көлік оқиғасы орын алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу