Жол көлік апатына себепші жағдайдың бірі жол инфрақұрылымының нашар болуы. Сондықтан ІІМ қозғалысы көп жолдарда жолақтарды көбейтіп, арасына екі бағытты бөліп тұратын қаша қоюды ұсынып отыр.
Министрлік өкілдерінің дерегінше, Астана-Щучинск трассасына реконструкция жүргізілгенге дейін, жылына 143 жол апатына дейін болып, 75 адам көз жұмған. Ал, 2016 жылы күре жол қайта жөндеуден өткелі бері бұл учаскеде көлік апатының саны жылына 3 есеге дейін қысқарды. Дегенмен, өткен жылы 46 жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам көз жұмған, 12 адам жарақат алыпты.
ІІМ дерегінше, елімізде 4 және одан көп жолағы бар, бағыттар арасын бөлетін қаша орнатылған, 1-категориялы жолдардың ұзындығы 3 мың шақырым ғана. Бұл еліміздегі бүкіл жолдардың 2%-ы. Еліміздегі жолдардың жалпы ұзындығы 148 мың шақырымды құрайды. Оған себеп, жол құрылысының басым көпшілігі ескі мемлекеттік стандартпен жүргізіледі. Ішкі істер министрлігі қазіргі таңда 6 мың шақырымнан астам екі жолақты жолды көп жолақты жолға айналдыру керек деп санайды.