Жол-көлік оқиғаларынан жарақат алғандар 30,3% көбейді

448

Қостанай облысының жауапты мекемелері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отыр.

Жол-көлік оқиғаларынан жарақат алғандар 30,3% көбейді Фото: polisia.kz

Көлік оқиғаларынан жарақат алғандар саны 30,3 пайызға көбейген. Бас-аяғы 6 айда 300-ге жуық адам зардап шегіп, соның 33-і қаза тапты. Қостанай жолдары не себепті қауіп-қатерге толы?

Облыста темір тұлпардың саны артқан сайын, жол-көлік апаты да көбейді. Өңірде бүгінде 240 мың көлік тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Қала басшылығы мен жауапты мекемелер мұндай көлік ағынына дайын болмай шықты. Кей жерде жол белгілері жоқ, жаяу жүргіншілер жолағы дұрыс орнатылмаған. 15 жыл бұрын қойылған бағдаршамдардың пайдалану мерзімі әлдеқайда өтіп кеткен. Күн сайын ескі құрылғылардың 7-8 бұзылып, тұрғындар өміріне қауіп төндіруде.

Бағдаршамдарға жауапты кәсіпорындарға талай мәрте айыппұл салынғанымен нәтиже шықпапты. Енді тәртіп сақшылары қалалық әкімдіктің тұрғын-үй шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғаларын сотқа берген. Әкімшілік жауапкершілікке тартылса 100 есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. 

Өңірде жол қозғалысын бақылау шаралары күшейтіледі. Жаңадан 60 сергек, 1000 бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған. 45 көшенің бағдаршамын жаңалауға 241 млн теңге бөлініпті.  Жалпы, биыл облыстық полиция департаментін қаржыландыруға 13,8 млрд теңге қаралған. Облыс басшылығы қомақты қаржы қауіпсіздік шараларын күшейтеді деген сенімде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу