Жол көлік оқиғаларында қаза тапқан балалардың саны 14%-ға артты

Зардап шеккен балалар бойынша статистика да көңіл көншітпейді. 

Жол көлік оқиғаларында қаза тапқан балалардың саны 14%-ға артты Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Өкініштісі, халықпен жыл сайынғы ағарту жұмыстарын жүргізуге қарамастан, біз балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бір проблемаға – жол-көлік оқиғаларына тап боламыз. Айта кету керек, 2023 жылдың қазан айында ЖКО-да қаза тапқан балалардың саны 14%-ға, ал зардап шеккен балалардың саны 3%-ға артып отыр", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу