Жол -көлік оқиғаларының көбі Алматыда болады

741

Биыл жол апаттары салдарынан мыңнан астам адам қайтыс болды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,6%-ға жоғары.   

Жол -көлік оқиғаларының көбі Алматыда болады

 Биылғы қаңтар-шілде айларында республикада 7,2 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,5%-ға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Жол -көлік оқиғалары көбінесе Алматыда орын алған. Оған статистика дәлел. Яғни, мегаполисте жыл басынан бері 2 мың апат болды, көрсеткіш бір жылда 35,9%-ға өскен. 

Жол апаттары бойынша Алматы (1,3 мың апат, +26,5%) және Жамбыл (576 апат, + 10,8%) облыстары да алдыңғы қатарда.

Жол-көлік оқиғалары ең аз тіркелген өңір Солтүстік Қазақстан облысы: 97 оқиға, бір жылда жағымсыз статистика 1%-ға азайған. Жол -көлік оқиғалары санының өсуі биыл 17 аймақтың 7-інде байқалады, қалғандарында көрсеткіштер төмендеген.

2021 жылдың қаңтар-шілде айларында республикада жол-көлік оқиғаларының салдарынан 10,6 мың адам жарақат алды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16%-ға жоғары.  Олардың ішінде жараланғандар саны бірден 15,8%-ға, 9,5 мың адамға дейін өсті, оның ішінде 5 мың ер адам, 4,5 мың әйел, 1,9 мың кәмелетке толмаған балалар. Жолда жараланғандардың 4,2 мыңы ауруханаға жатқызылды.
 Жыл басынан бері жол апаттары салдарынан мыңнан астам адам қайтыс болды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,6%-ға көп.  Оның ішінде 733 ерлер, 284 әйелдер, 89 кәмелетке толмағандар.

Аймақтар бойынша жол-көлік оқиғасынан ең көп Алматы (2,4 мың адам), сондай -ақ Алматы (2,1 мың адам) мен Жамбыл (966 адам) облыстарының тұрғындары зардап шеккен. 

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу