Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің дерегінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салстырғанда жол көлік оқиғасы 10,2%-ға, зардап шеккендердің саны 11,2%-ға артқан.
Есептік кезеңде елді мекендерде – 6 030, халықаралық, республикалық маңызы бар трассаларда – 1 512, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда –765 жол апаты тіркелді.
Белгілі болғандай, жол көлік оқиғасының 87% жүргізушілердің жауапсыздығынан болады.
Жол апаты көбінесе Алматы қаласы мен Алматы облысында көп тіркеледі.
Соңғы 8 айда Алматы қаласында – 2 161 жол көлік оқиғасы орын алды. Алматы облысы бойынша 268 адам қайтыс болды.
Қанат Махамбет